Коммунар ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Коммунар ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 3 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 сәуірде № 1-15-145 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Коммунар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Коммунар ауылдық округінің елді мекендеріне көшелер атауы берілсін.
      Майшұқыр ауылында:
      № 1 көшесіне – Сары-Арқа атауы
      № 2 көшесіне - Ынтымақ атауы
      № 3 көшесіне - Достық атауы
      № 4 көшесіне - Ащыкөл атауы
      № 5 көшесіне - Абай атауы
      № 6 көшесіне - Бейбітшілік атауы
      № 7 көшесіне - Майшұқыр атауы
      Құмкөл ауылында:
      № 1 көшесіне – Болашақ атауы
      № 2 көшесіне - Тұщыкөл атауы
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Ғ.-С.Мухамедди

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қорғалжын аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.Қ.Сыздықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады