2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда № 1-16-102 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2010.07.30 № 9 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережелерімен» сәйкес, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар - наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Сандықтау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Журбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады