Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардын қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-6/299 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 21 қаңтарда № 1-17-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № А-1/125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 18.03.2016 № А-1/125 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін.
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
      2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде–бір жұмыс істемейтін отбасылар;
      4) бұрында жұмыс істемегендер;
      5) техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері.
      2. Целиноград ауданы әкімдігінің "Целиноград ауданы бойынша мақсатты топқа кіретін халықты орналастыру үшін қосымша жеке тұлғалар тізбесін құру туралы" 2010 жылғы 26 қаңтардағы № А-0/7 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-131 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда "Призыв", "Ұран" газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады