Алға ауданының мүгедектері үшін 2010 жылға жұмыс орындарында квота бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 122 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 3-3-108 тіркелді. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 02-1/08 хатымен

      Ескерту. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011.01.06 № 02-1/08 хатымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 бабына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер үшін жазасын өтеп келгендер және жасы кәмелетке толмаған интернат мекемелерінің түлектері жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010.11.05 № 500 (ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.
      2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» ММ (А.Нұржан) жыл сайын мүгедектердің кәсіптік оқуын ұйымдастыру үшін қаржы қажеттілігіне талдау жүргізуді жүзеге асырсын және алдағы жылға арналған аудан бюджетін қалыптастыру үшін тиісті ұсыныстар енгізсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 59 «Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Алға ауданының әкімі                  Қ.Сарсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады