Алға ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123 "Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 520 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 3-3-115 тіркелді. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 02-1/08 хатымен

      Ескерту. Қабылдау мерзімі аяқталуына байланысты қолдану тоқтатылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2011.01.06 № 02-1/08 хатымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 31 бабына, және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123 «Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (Нормативтік – құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 12 мамыр № 3-3-109 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 мамыр «Жұлдыз-Звезда» газетінде № 26 санында жарияланған) төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген шақыру комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Кусмамбетов           - Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі
Серик Жексенбаевич            бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
      Көрсетілген комиссияның құрамынан Н.Тәжімағанбетов шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ағниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                        Қ.Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады