Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 11.11.2013 № 02-2491 хаты).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 21, 23, 44баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта 18 жасқа толған азаматтарды, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының ер азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
2. Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Байғанин аудандық орталық ауруханасы» МКҚК (О.Әбдин):
1) шақырушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін тәжірибелі маман-дәрігерлерді, медбикелерді бөлсін;
2) 2010 жылдың 30 сәуірге және 1 қазанға дейінгі мерзімде Байғанин аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырушылардың жеке карталарын жеткізсін;
3) әскерге шақыруды жүргізу кезінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы ақпаратты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шұғыл түрде хабарласын.
4. «Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Омаров):
1) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
2) шақырудан бас тартқан, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыру ұсынылсын;
3) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне анықтама немесе алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын.
5. Селолық округтер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушыларға шақырылу туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш.Спанова) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырушылардың жеке іс-қағаздарын дайындауға, шақыру қағаздарын таратуға қажетті адамдардың тиісті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
7. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Боранбай) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекті мерзімді әскери қызметке тасымалдау шаралары үшін, аудан бюджетінен қарастырылған қаржы есебінен тиісті мөлшерде қаржы бөлсін.
8. «Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) аудан әкіміне 2010 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Б.Кемешов
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
№ 86 қаулысына
ҚОСЫМША
Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы
Құлниязов «Байғанин аудандық қорғаныс
Алмас Якияұлы істері жөніндегі бөлімі» ММ
бастығы, комиссия төрағасы
(келісімімен)
Айтқұлов «Байғанин ауданы әкімі
Бегендік Таскентұлы аппараты» ММ төтенше
жағдайлар жөніндегі бас
маманы, комиссия төрағасының
орынбасары (келісімімен)
Комиссия мүшелері:
Омаров «Байғанин аудандық ішкі
Асланбек Сүлейменұлы істер бөлімі» ММ бастығы
(келісімімен)
Әбдин «Байғанин аудандық орталық
Оразбек Иманбайұлы ауруханасы» МКҚК бас дәрігері
(келісімімен)
Құлданова Байғанин аудандық емхананың
Жазира Ешмұханқызы медбикесі, комиссия хатшысы
(келісімімен)