Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 141 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 тамызда № 3-4-102 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2011.03.28 № 179 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2010 жылы жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмысқа орналасқан мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие беру көзделсін.
      3. Аудан әкіміне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес осы шешімді жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                       З. Тәжімұратова

      Мәслихат хатшысы                      Б. Турлыбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады