Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдық мерекесі құрметіне бір жолғы әлеуметтік жәрдем көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 191 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 3-6-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 225 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.07.27 № 225 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына, аудан әкімімен бекітілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы әлеуметтік жәрдем 10 000(он мың) теңге көлемінде көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

      сессиясының төрағасы

хатшысы

      В.Пашкевич

Ж. Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады