Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 330 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қазанда № 3-6-106 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2011.01.03 № 75 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Селолық округ әкімдері аталған орындарды қалқандар, стендтермен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                            А.Сагиев

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 4 казандағы
№ 330 қаулысына
ҚОСЫМША

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

№ р/с

Сайлау
округінің

Орналастыру
орындары

Атауы;
стенд, қалқан

Саны

1

№ 1

Бадамша ауылы
«Радуга» дүкені ЖК
«Искакова М.Х.»

стенд

1

2

№ 10

Кос-Естек ауылы
«Зал ожидания» ЖК
«Айтманис Р.Н.»

стенд

1

3

№ 7

Степной ауылы
«Степной» ЖШС МТШ,
Қайрақты ауылы
«Қайракты» ЖШС
МТШ, Мамыт ауылы
Орталық көше
бойындағы
23 үйдің жанында

стенд

стенд

стенд

1

1

1

4

№ 10

Петропавловка
ауылы «Табиғат+»
ЖШС кеңсесі

стенд

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады