Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 231 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада № 3-6-112 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 03-14/198 хатымен.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.11.21 № 03-14/198 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер жэне демонстрациялар өткізу орны қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 0сы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы

хатшысы

С.Алмағамбетов

Ж.Құлманов


  Қарғалы аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 22 қазандағы № 231
шешіміне қосымша

Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны тізбесі

№ р/с

Өткізу орны

Объект атауы

1

Бадамша селолық округі, Бадамша ауылы

Әбілқайыр хан көшесіндегі "Қызыл Қайн Мамыт" ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң

2

Әлімбет селолық округі. Әлімбет ауылы.

Абай көшесіндегі "Саха" ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң

3

Ащылысай селолық округі, Ащылысай ауылы

Г.Каструбин көшесіндегі "Алина" дүкенінің алдындағы алаң

4

Велиховка селолық округі, Велиховка ауылы

Школьная көшесіндегі "Велиховка" ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң.

5

Желтау селолық округі, Петропавловка ауылы

Клуб алдындағы алаң

6

Желтау селолық округі, Ш.Қалдаяқов ауылы

Абылайхан көшесіндегі "Пацаева" ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң

7

Кемпірсай селолық округі. Жосалы ауылы

Тың Жер көшесіндегі "Жосалы Агро" АҚ-нің ғимараты алдындағы алаң.

8

Қосестек селолық округі, Қосестек ауылы

Абай көшесіндегі "Күту залы" ғимараты алдындағы алаң

9

Степное селолық округі, Степное ауылы

Қонаев көшесінде "Степной" ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады