2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1992-1983 жылғы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 179 қаулысы. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 18 мамырда № 3-8-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011.01.17 № 29 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағын, 20 бабының 1 тармағын23 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»  Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Ө.Сәрсенбаев) 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта 18 жасқа толған азаматтарды, мерзімді әкери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының ер азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын:
      1) Қосымшаға сәйкес 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1992-1983 жылғы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асыратын шақыру комиссиясы құрылсын, құрамы бекітілсін.
      2. Селолық, ауылдық округ әкімдеріне, ұйымдардың басшыларына, әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың Мәртөк ауданының Қорғаныс істер бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етілсін.
      3. «Мәртөк аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға (келісім бойынша) (М.Х.Қозбақов):
      1) шақырылушыларға жоғары дәрижеде медициналық куәландыру жүргізу үшін тәжірибелі маман-дәрігерлерді, медбикелерді бөлу;
      2) шақырылушылардың және кандидаттардың медициналық карталарын, қосымша парақтарымен бірге Мәртөк ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне берілу;
      3) Мәртөк ауданы Қорғаныс істері бөлімінің жолдамасымен жіберілген шақырылушыларға емделу профилактикалық мекемелерінде қосымша медициналық сараптамалардан өтуін, емделуін, арнайы орындар берілуін қамтамасыз етілуі;
      4) шақыру мерзіміне 3 жұмыс күн қалар алдында Мәртөк ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге стационарлық емделуде жатқан әскер жасындағы азаматтардың тізімін беру ұсынылсын.
      4. Ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) (А.М.Шарипов):
      1) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында шақыру пунктіне жылжымалы полиция нарядын бөлу;
      2) шақырудан бас тартқан, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Мәртөк аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша) (Н.Қ.Құлжанов) Мәртөк ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992-1983 жыл аралығында туған азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерткені туралы мәлімет жіберуі ұсынылсын.
      6. Мәртөк ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығына (Н.Ө.Сәрсенбаев) «2010 жылдың көктемгі, күзгі шақырудың қорытындысы туралы» ақпаратты Мәртөк ауданы әкімдігінің аппаратына 2010 жылдың 25 маусымында, және 25 желтоқсанында берсін.
      7. Осы қаулының әрекеті 2010 жылдың 1 сәуірінен басталған құқықтық қатынастарға таралады.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      9. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         М.Елеусізов

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2010 жылғы "13" мамыр
№ 179 қаулысына қосымша

Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды
жүзеге асыратын шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Н.Ө.Сәрсенбаев – Мәртөк ауданы қорғаныс істері
                       жөніндегі бөлімінің бастығы,
                       комиссия төрағасы
      И.Г.Цыба –       аудан әкімінің орынбасары, төраға
                       орынбасары

      Мүшелері:
      А.И.Рсалин –     Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі
                       бастығының орынбасары
      А.Ж.Калиева –    Мәртөк аудандық орталық аурухананың
                       дәрігері, медициналық комиссияның
                       төрағасы
      А.Ж.Тәжібаева -  хатшы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады