2011 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1994 жылғы туылған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қаңтарда № 3-11-82 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2011.04.15 № 3 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың 10 қаңтары мен 31 наурызы аралығында «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1994 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. Азаматтарды тіркеуге байланысты іс-шаралар жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
      3. «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Ж.Қамбаров-келісім бойынша) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
      1) тіркелушілерге медициналық куәлік беруді жүргізу үшін дәрігер мамандарды және медбикелерді;
      2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
      3) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
      4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды, және дәрі-дәрмектерді.
      4. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сұранысы негізінде тіркеу жұмыстары кезінде қызмет көрсету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыз есебінен уақытша төрт адам бөлу жүктелсін.
      5. Селолық округтер әкімдері «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақырылушыларды оларды шақырту пунктіне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      6. Азаматтарды әскери шақыру жасына дейінгі есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметінің сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатындығы жөніндегі заң талаптары орындалсын.
      7. «Ойыл аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Сүлейменов) «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (М.Елубаев-келісім бойынша) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын 1994 жылы туылған жасөспірімдердің толық тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.
      8. «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.Смагулов-келісім бойынша), Ойыл аудандық сотына (А.Қаржауов-келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. «Ойыл аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» (Ш.Қарабалина) мен «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М.Сембі) мемлекеттік мекемелері белгіленген заң талаптарына сәйкес азамттарды тіркеу жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру шараларын алсын.
      10. Азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты жұмыс аяқталғаннан кейін «Ойыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Елубаев-келісім бойынша) тіркеу қорытындысы туралы аудан әкіміне 2011 жылдың 5 сәуірінде жазбаша хабарласын.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
      12. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                   М.Джумагазиев.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады