Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 24 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 3-12-112 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 11.05.2016 № 173 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) толық 29 жасқа дейінгі жастар;
      5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      6) отбасында бір де бір мүшесі жұмыс істемейтін адамы бар тұлғалар;
      7) 7 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
      8) уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды тәмәмдаған жұмыссыздар;
      9) маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2011.04.27 № 65 (алғаш рет ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады