Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 86 "2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 282 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 желтоқсанда № 3-12-127 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 329 қаулысымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2010.12.31 № 329 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 86 «2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-120 тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2010 жылғы 10 маусымдағы 26 нөмерінде жарияланған) төмендегідей өзгерту енгізілсін:
      9 тармағында «Хромтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы Б. Ілиясовтың орнына Құмаров А.М. деп өзгертілсін.
      2 қосымшада аудандық шақыру комиссиясы құрамынан Ілиясов Батихан Күнасылұлы шығарылсын,
      Аудандық шақыру комиссиясы құрамына Құмаров Ардақ Мақсоткерейұлы комиссия төрағасы болып енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              А. Усмангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады