Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 198 шешімі және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 214 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда № 3-13-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Републикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы » Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Ембі тұйығы көшесінің тұрғындарының конференция хаттамасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар қаласының Ембі тұйық көшесінің атауы Құлетов Ораз Ыбрайұлының атындағы тұйық көше болып өзгертілсін.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан  әкімі                            Р.Сыдықов

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                         М.Үмбеталы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                 С.Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады