2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 01 наурыздағы N 4-118 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2010 жылы 07 сәуірде N 2-1-117 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7–бабының 6)-тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық маслихаттың 2009 жылдың 10 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 шешімін (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда тіркелген нөмірі 2-1-110, "Талдықорған" газетінің 2010 жылдың 15 қаңтарындағы 3-нөмірінде жарияланған), 2010 жылғы 18 қаңтардағы 2010 жылы өңірлік жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында, Алматы облысының бюджетіне бөлінген мақсатты трансферттер қорытындысы туралы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Алматы облысы әкімінің арасындағы келісімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін, алты ай мерзімге дейін жастар практикасы ұйымдастырылсын.
      2. Республика бюджетінен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен жастар практикасына қабылданған тұлғаларға айлық жалақысы 20000 (жиырма мың) теңге белгіленсін.
      3. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан):
      1) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жастар практикасына қабылдау мен жолдауды;
      2) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін жастар практикасына уақытша жұмыс орнын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауды;
      3) жастар практикасынан өтетін азаматтардың жеке шоттарына еңбекақының ай сайын аударылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады