Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы мәслихатының 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 213 шешімі және Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 37-1145 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 24 қаңтарда N 2-1-136 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5)-тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы солтүстік-батыс тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелеріне келесі жер-су атаулары берілсін:
      бірінші көшеге Ойсаз атауы;
      екінші көшеге Ақжар атауы;
      үшінші көшеге Көктұма атауы;
      төртінші көшеге Ащысай атауы;
      бесінші көшеге Бесағаш атауы;
      алтыншы көшеге Балдырған атауы.
      2. Талдықорған қаласы оңтүстік-шығыс тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелеріне келесі жер-су атаулары берілсін:
      бірінші көшеге Бесқайнар атауы;
      екінші көшеге Бесіктас атауы;
      үшінші көшеге Бозтоған атауы;
      төртінші көшеге Еңбекші атауы;
      бесінші көшеге Жаңа жол атауы;
      алтыншы көшеге Талдықорған шұғыласы атауы;
      жетінші көшеге Жетісу өрнегі атауы;
      сегізінші көшеге Жетіген атауы;
      тоғызыншы көшеге Жетісу сазы атауы;
      оныншы көшеге Жоламан атауы;
      он бірінші көшеге Көкжазық атауы;
      он екінші көшеге Ақжазық атауы;
      он үшінші көшеге Гүлдәурен атауы.
      3. Талдықорған қаласының келесі көшелерінің аттары өзгертілсін:
      Заводская көшесі Үшбұлақ көшесі атауына;
      Ворошилов көшесі Шапағат көшесі атауына;
      Юбилейный көшесі Жиделі көшесі атауына;
      Интернациональный көшесі Талдыбұлақ көшесі атауына;
      Аманжолов көшесі Ардагер көшесі атауына;
      Дружба көшесі Сарыбел көшесі атауына;
      Алмалы көшесі Сарытау көшесі атауына.
      4. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Малдыбай Молдабайұлы Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарына (Мәрлен Қапашұлы Көлбаев) және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғалима Ғаянқызы Әбішева).
      6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

      Кезекті 27 сессияның
      төрағасы                                   С. Жансеңгіров

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    М. Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады