Көше атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы N 28 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қаңтарда N 2-5-137 тіркелді

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «кенттік» деген сөздер «ауылдық» деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 09.01.2015 № 1 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, Достық бекетінің тұрғындарының пікірін және Алакөл аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 09.01.2015 № 1 шешімімен.
      1. Алакөл ауданы Достық ауылдық округіне қарасты, Достық бекетіндегі Привокзальная көшесінің атауын, Теміржолшылар көшесіне өзгертіліп берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Тоқмырзаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Достық ауылдық
      округінің әкімі Е. Жақиянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады