Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 22 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-5-92 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қабанбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қабанбай ауылындағы Горбатов көшесі Қорқыт ата, Партизан көшесі Тәттімбет Қазанғапұлы, Ленин көшесі Наурызбай батыр, Советская көшесі Балуан Шолақ, Интернациональная көшесі Ескелді би, Лопатин көшесі Ғакиф Хусаинов көше атауларына өзгертілсін.
      2. Қабанбай ауылындағы Юбилейный шағын ауданы Зейнеп Қойшыбаева шағын ауданы, Восточный шағын ауданы Ербол Сыпатаев шағын аудан атауларына өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қабанбай ауылдық округ әкімінің орынбасары Резеда Изатуловна Хусаиноваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қабанбай ауылдық
      округ әкімі:                               С.А. Байсалбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады