2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 232 қаулысы. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 2-7-99 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі N 277 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2011.04.23 N 277 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұзынағаш ауылы Жамбыл көшесі, 77 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа толмаған ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. "Жамбыл аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тоқтағұлова Гулнар Бекенқызы) әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етуді жүргізсін.
      5. "Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жотабай Марат Ізтелеуұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2010 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2011 жылдың 20 қаңтарына дейін аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекқожаев Ғадылжан Бекболатұлына жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.С. Бигелдиев

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы "30" наурыздағы N 232
"2010 жылдың сәуір - маусым және
қазан - желтоқсан кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы"
қаулысымен бекітілген
1-қосымшасы

Жамбыл ауданы шақыру комиссиясының құрамы

Жотабай Марат
Ізтлеуұлы

комиссия төрағасы, Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

Бекқожаев Ғадылжан Бекболатұлы

комиссия төрағасының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

Комиссия мүшелері:

Құрамысов Бахтияр Әукенұлы

Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар бөлімше бастығы

Кольнова Людмила Александровна

Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасының дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы

Хасенова Ләйла Мәлікқызы

комиссия хатшысы, Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы "30" наурыздағы N 232
"2010 жылдың сәуір - маусым және
қазан - желтоқсан кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы"
қаулысымен бекітілген
2-қосымшасы

Aзаматтарды кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру кестесі

Ескерту. Кестені қағаз мәтінінен қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады