Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 410 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 58 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 02 ақпанда N 2-8-135 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы N 1080 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 18.06.2014 N 1080 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23-желтоқсанындағы "Еңбекшіқазақ ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 33-1 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 410 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" (аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 27 наурызда N 2-8-49 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 6 сәуірдегі N 15 санында жарияланған) қаулысының 1 тармағындағы "5 (бес)" деген сөздің орнына "8 (сегіз)" деп өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады