1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 12-163 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 07 қаңтарда N 2-8-168 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2011 жылғы 13 маусымдағы N 6-51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2011.06.13 N 6-51 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Есік қаласы, Абай көшесі, 322 және Шелек селосы, Кадыров көшесі 2 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қала және селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын белгілеген мерзімде Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 11 желтоқсанында N 2-8-130 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 25 желтоқсандағы N 53 санында жарияланған Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2009 жылдың 16 қарашасының "1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 11-148 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасарына Ташполат Жамалұлы Жамаловқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады