Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 7 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 19 ақпанда N 2-9-98 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ескелді ауданының аумағында халықтың нысаналы тобына  жататын азаматтарға әлеуметтік қорғау жүргізу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген) әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шарт жасасатын уәкілетті орган болып табылсын.
      3. Уәкілетті орган:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін жүргізуді қамтамасыз етсін;
      2) уәкілетті органда тіркелген халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төленген шығынның ішінара өтемақысын бекітілген мөлшерде жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

Ескелді ауданы әкімдігінің
12 қаңтардағы 2010 жылға
"Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді
іріктеу тәртібін айқындау
туралы" N 7 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін құрылады және уақытша сипатта болады. Оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды. Жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
      Әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.
      2. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тапсырыс береді.
      3. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушімен шарт жасасады. Шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі мен жұмыстың көлемі, еңбекақының шарттары мен мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілген жұмыссыздардың саны, жұмыс уақыты көрсетіледі.
      4. Уәкілетті орган жұмыссыздарды тиісті әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, қауіпсіздік техника нормасына сәйкес жұмыс орнын береді және жұмысқа қабылдау жөнінде келісім шартты уәкілетті органға жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады