Елді мекендердегі көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 4-181 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 2-11-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Береке ауылындағы Шоссейная көшесі Байбосын Тамабаев атына, Набережный көшесі Әшім Нұрлыбаев атына, Гагарин көшесі Бақтыораз Бейсекбаев атына, Елтай ауылындағы Космонавт көшесі Сәт Жылқышев атына, Көкөзек ауылындағы Орталық көшесі Жұмаділ Ақымжанов атына, Садовая көшесі Бауыржан Момышұлы атына, Көктоған ауылындағы Чапаев көшесі Жауғаш батыр атына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.

      Әкім                        А. Тлепбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады