2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 3 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 ақпанда N 2-12-139 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010.12.31 N 347 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 15-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.
      2. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сай бекітілсін.
      3. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) қосымшаға сай бекітілген уақытша орындалатын қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдармен келісім-шартқа отырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарға мақсатты топқа жататын және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз азаматтарды жіберсін;
      3) нақты атқарылған қоғамдық жұмысқа ақы төлеуді жеке келісім бойынша, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі еңбекақы мөлшерінде атқарылған жұмыс және жұмыс уақыты көрсетілген есеп бойынша жүргізсін.
      4. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы 2-12-101 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 наурыздағы N 11 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" және нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 сәуірде 2-12-104 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы N 20 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 74 "Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 9 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының орындалуына байланысты күштері жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Байтаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Қаратал ауданы әкімдігінің
2010 жылдың 14 қаңтарындағы
N 3 "2010 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
туралы" қаулысына
қосымша

Ұйымдардың 2010 жылға арналған тізбелері, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі

N

Ұйымдар мен
кәсіпорындардың
аталуы

Уақытша орындалатын
қоғамдық жұмыстардың
түрлері

Еңбегіне
төленетін
ақының
мөлшері

Қаржыландыру
көздері

1

2

3

4

5

1

Қаратал
ауданы
әкімінің "Қаратал
көркейту"

Қаланы көркейтіп (талдарды, жол
ірге тастарын әктеп),
көгалдандыру, санитарлық
тазалық өткізу (орталық
саябақта, жол жағалауларында,
жол қиылыстарында). Орталық
стадион мен қалалық демалыс
және мәдениет саябағын барынша
күтімге алу. Иесіз қалған
үйлердің есік-терезелерін
қалқалап жабу жұмыстарына
қатысу. Талдардың бұталарын
тегістеп қию. Талдар егіп,
көшеттер мен гүлдерді күту.
Қала жолдарын кезекті жөндеуден
өткізу жұмыстарын жүргізген
кезде ойылған жерлерге құм, тас
төгу жұмыстарына қатысу. Су
жүретін арықтарды тазартып,
олардың осал жерлерін бекіту.
Ескерткіштерді қалпына келтіру
және айналасындағы гүлдерді
баптау. Саябақтарды күту мен
жол жағаларының шөптерін шауып,
талдарын біркелкі етіп қию.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруға көмек
көрсету. Жалғыз басты және қарт
адамдарға әлеуметтік көмек
көрсету. Мәдени және спорттық
мақсаттағы ауқымды іс-шараларды
(спорт жарыстары, фестивальдар,
басқа да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Мереке
күндеріне дайындалу және соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты
адамдарға көмек көрсету,
аулаларын реттестіруге және де
басқа қажетті көмектер көрсету.
Қала бойынша тұрмыс деңгейі
төмен отбасыларын анықтауға
және оларға әлеуметтік көмек
көрсетуге қажетті құжаттарды
толтыруға көмектесу.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

2

Тастөбе
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру. Тұрғын ауылдарды
қоқыстан тазартып, аймақтың
экологиясын жақсарту. Арықтарды
тазартып, осал жерлерін бекіту,
тас, қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Ескерткіштерді өңдеп, күту.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар
тұрғызып, оларды сырлау. Мереке
күндеріне дайындалу және соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты
адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау
және әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруға көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

3

Айту би
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Көкпекті, Айту,
Жасталап, Қожбан). Тұрғын
ауылдарды қоқыстан тазартып,
аймақтың экологиясын жақсарту.
Арықтарды тазартып, осал
жерлерін бекітіп, тас, қиыршық,
құм дайындау. Әлеуметтік мәдени
ошақтардың ауласын қоқыстан
тазартып, қоқыстарды шығарып
тастау. Ескерткіштерді өңдеп,
күту. Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар
тұрғызып, оларды сырлау. Мереке
күндеріне дайындалу және соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты қарт
адамдарға көмек көрсету.
Бұзылған үйлердің орындарын
тазалау. Ақпарат
орталықтарындағы сайлау,
әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруға көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

4

Ескелді
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Ескелді, Қызылжар,
Көкдала, Қайнар). Тұрғын
ауылдарды қоқыстан тазартып,
аймақтың экологиясын жақсарту.
Жолдарды жөндеп, арықтарды
тазартып, осал жерлерін бекіту,
тас, қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар
тұрғызып, оларды сырлау. Ұлы
Отан соғысына қатысушыларға
арналған мемориалды әктеп,
сырлау, айналасын тазарту.
Соғыс ардагерлеріне,
жалғызбасты қарт адамдарға
көмек көрсету. Ақпарат
орталықтарындағы сайлау,
әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруға көмек
көрсету. Бұзылған үйлердің
орындарын тазалау.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

5

Қарашеңгел
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Кәлпе, Қанабек,
Қарашеңгел, Айдар). Тұрғын
ауылдарды қоқыстан тазартып,
аймақтың экологиясын жақсарту.
Жолдарды жөндеп, арықтарды
тазартып, осал жерлерін бекіту,
тас, қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу.
Ағаштар отырғызып, шарбақтар
тұрғызып оларды сырлау. Соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты қарт
адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау,
әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі жұмыстар
жүргізуге көмек көрсету.
Бұзылған үйлердің орындарын
тазалау.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

6

Елтай
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Елтай, Сарыбұлақ).
Тұрғын ауылдарды қоқыстан
тазартып, аймақтың экологиясын
жақсарту. Маусымдық
ауылшаруашылық жұмыстарына
қатысу. Арықтарды тазартып,
осал жерлерін бекіту, тас,
қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты қарт
адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау,
әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруға көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

7

Балпық
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Жаңаталап, Оян,
Ұмтыл). Тұрғын ауылдарды
қоқыстан тазартып, аймақтың
экологиясын жақсарту. Маусымдық
ауылшаруашылық жұмыстарына
қатысу. Арықтарды тазартып,
осал жерлерін бекіту, тас,
қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс
ардагерлеріне және жалғыз басты
қарт адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау,
әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруда көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

8

Бастөбе
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Бастөбе, Ортатөбе,
Кіші төбе, Жылыбұлақ). Тұрғын
ауылдарды қоқыстан тазартып,
аймақтың экологиясын жақсарту.
Маусымдық ауылшаруашылық
жұмыстарына қатысу. Арықтарды
тазартып, осал жерлерін бекіту,
тас, қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс
ардагерлеріне және жалғыз басты
қарт адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі жұмыстарды атқаруда көмек
көрсету. Елді мекендердегі
бұзылған үйлер мен
ғимараттардың орнын тазартып,
қалдықтарды шығару.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

9

Қаңбақты
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Ақиық, Алмалы,
Дөңши, Ақжар). Тұрғын ауылдарды
қоқыстан тазартып, аймақтың
экологиясын жақсарту. Маусымдық
ауылшаруашылық жұмыстарына
қатысу. Арықтарды тазартып,
осал жерлерін бекіту, тас,
қиыршық, құм дайындау.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс
ардагерлеріне, жалғызбасты қарт
адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруда көмек
көрсету. Елді мекендердегі
бұзылған үйлер мен
ғимараттардың орнын тазартып,
қалдықтарды шығару.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

10

Қызылбалық
ауылдық
округі

Ауылдық округтерді көркейтіп,
көгалдандыру (Көпбірлік,
Қарақұм). Тұрғын ауылдарды
қоқыстан тазартып, аймақтың
экологиясын жақсарту.
Әлеуметтік мәдени ошақтардың
ауласын қоқыстан тазартып,
қоқыстарды шығарып тастау.
Тұрмыс деңгейі төмен
отбасыларына атаулы әлеуметтік
көмек алуы үшін құжаттарын
толтыруға көмек көрсету. Мәдени
және спорттық мақсаттағы
ауқымды іс-шараларды (спорт
жарыстары, фестивальдар, басқа
да әртүрлі мерекелер)
ұйымдастыруға көмектесу. Соғыс
ардагерлеріне, жалғыз басты
қарт адамдарға көмек көрсету.
Ақпарат орталықтарындағы сайлау, әлеуметтік іс-шаралар
науқандары кезеңіндегі
жұмыстарды атқаруда көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

11

"Қаратал
ауданының
қорғаныс
істері
жөніндегі
бөлімі"
мемлекет-
тік
мекемесі

Әскер жасына жеткен азаматтарды
тізімдеуге көмек көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

12

"Қаратал
ауданының
әйелдерді
қолдау
орталығы"
қоғамдық
бірлес-
тігі

"Біз жарқын болашақты
қолдаймыз" жасөспірім балалар
мен мектеп жасындағы балалар
арасында құқық бұзушылықтың
алдын-алу жұмыстарын
ұйымдастыруға көмек көрсету.
"Біз Сіздерге ризамыз" Ұлы Отан
соғысы ардагерлері мен
мүгедектеріне, тыл
еңбеккерлеріне және жесір
қалған әйелдеріне әлеуметтік
көмек көрсету.
"Түсіну" жобасы қоғамдағы
әлжуаз топтарға және жағдайы
төмен отбасыларына көмек
көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

13

"Қазақстан
Республикасы
курдтарының
"Барбанг"
қауымдастығы"
аймақтық
қоғамдық
бірлестігінің
Талдықорған
аймақтық
филиалы

"Шұғыла" құрт халқының салт-
дәстүрімен таныстыру және
олардың өнерлерін жаңғырту
мақсатында жұмыстар атқаруға
көмектер көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

14

"Қазақ
соқырлар
қоғамы"
қоғамдық бірлестігі
Қаратал
бастауыш
ұйымының"
кооперативтік
қоры

"Үміт" жобасы бойынша көзі
көрмейтін зағип мүгедектерді
біріктіру, еңбекке, білімге,
мәдениетке және спортқа баулу
жұмыстарын іске асыру барысында
көмектер көрсету

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

15

Алматы
облысы
мемлекеттік
мұражайлық
Қаратал
аудандық
филиалы

Мұражайдың құжаттарын
реттестіруге көмек көрсету.
Мұражай мекемесінің ауласын
сыпыру және гүлдерді күтіп-
баптау жұмыстарын жүргізу.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

16

"Қаратал
ауданының
спорт
және дене
тәрбиесі
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

Кең көлемді мәдени шараларды
ұйымдастыруда қатысу, орталық
стадионды қоқыстардан тазарту
және көркейту, қалпына келтіру
жұмыстарына қатынасу. Спорттық
шараларды өткізуге көмектесу.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

17

Мемлекеттік
зейнетақы
төлеу
жөніндегі
орталығының
Алматы
облыстық
филиалы
Қаратал
аудандық
бөлімшесі

Тұрғындарға қызмет көрсетудің
сапасын анықтау мақсатында
келушілердің әрқайсысына
сауалнама бланкілерін тарату,
толтыру тәртібін түсіндіру, іс
қағаздарын реттеу, тігу
жұмыстарында көмектер көрсету.

Ең
төменгі
еңбекақы
мөлшерінде

Жергілікті
бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады