Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 134 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 26 мамырда N 2-14-94 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011.01.12 N 01 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын іске асыру туралы N 313 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне Қарабұлақ кенті, Строитель көшесі N 13 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесі арқылы Қазақстан Республикасының шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа толмаған ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
       2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.
       3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сай бекітілсін.
       4. Кенттік, ауылдық округ әкімдері 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
       5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Бақмұрат Дүйсембайұлы Байжұрынов келісім бойынша): әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
       6. 2009 жылдың 27 сәуіріндегі аудан әкімдігінің "Көксу ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 91 қаулысының (Көксу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 22 мамырында нормативтік құқықтық актісі Реестрінде 2009 жылдың 22 мамырында мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-14-74 болып енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
       7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Сыдықоваға жүктелсін.
       8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев

Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
17 мамырдағы N 134 Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2010 жылдың сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Асан Уахитұлы Қанағатов - комиссия төрағасы – Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы;
      Алия Секерғалиқызы Садықова - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;
      Комиссия мүшелері:
      Хасен Ерасылұлы Ақбасов - Көксу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
      Жұмабек Мақатұлы Алшымбеков - "Көксу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бас дәрігердің орынбасары, аудандық дәрігерлік комиссияның төрағасы;
      Гүлнар Шабалықызы Әбішова - комиссия хатшысы, "Көксу аудандық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі.

Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
17 мамырдағы N 134 Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2010 жылдың сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы қаулысына
2-қосымша

Аудан бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі:

Р/с

Кенттік
ауылдық
округтер

Сәуір Мамыр

Қазан

Қараша

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

24

25

26

29

30

1

2

3

6

7

1

Айнабұлақ






+


 

 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

2

Алғабас






+


 

 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

3

Еңбекші







 

 

+


 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

4

Жарлыөзек







 

 

+


 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

5

Қабылиса







 

 

+


 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

6

Мұқыры






+


 

 

 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

7

Мұқаншы







 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

 

 

+


8

Мұсабек







 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

 

 

+


9

Лабасы







 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

 

 

+


10

Балпық







 

 

 

 

+


 

 

 

 

 

 

 

 

+


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады