Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеп берудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 25 қаулысы. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда N 2-15-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 мамырдағы N 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011.05.17 N 156 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына16-бабына, 29-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеп берудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеп беруді қамтамасыз ету "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлына тапсырылсын.
      3. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      4. Райымбек ауданы Әкімиятының 2005 жылғы 6 маусымдағы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жайлы" Райымбек ауданының әділет басқармасында 2005 жылдың 24 маусымында N 2-15-4 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Хан тәңірі" газетінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 25 (7396) санында жарияланған N 705 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы жергілікті баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Айтжанов

Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
22 ақпанындағы "Мүмкіндігі шектеулі
мүгедек балалардың үйде
тәрбиеленуіне немесе оқытылуына
байланысты шығындарын өтеп
берудің мөлшері мен тәртібі
туралы" N 25 қаулысымен
бекітілген

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде
тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты
шығындарын өтеп берудің
мөлшері мен тәртібі

      Осы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиеленуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеп берудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-Тәртібі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-ші тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 2-тармақ 3)-тармақшасына16-бабына, 29-бабының 67-тармақтарына, сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиелену немесе оқытылу шығындарын өтеп беруге байланысты әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін белгілейді.

1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      1. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың үйде тәрбиелеуіне немесе оқытылуына байланысты шығындарын өтеу (бұдан әрі - үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақы) – мүгедек балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша денсаулық жағдайына байланысты жалпы және арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға және жалпы орта білім беретін мекемелерге баруға мүмкіндігі жоқ болуы себепті жеке оқыту жоспары бойынша үйде тәрбиеленетін немесе оқитын мүгедек балаларды қосымша материалдық қамтамасыз етуге арналған ақшалай төлем;
      2) өтініш беруші - үйде оқытуға жәрдемақы алу үшін жүгінген тұлға;
      3) уәкілетті орган – "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      4) ПМПК- педагогикалық – медициналық – психологиялық консультация;
      5) МӘСБ- медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі;
      6) үйде тәрбиелеуіне немесе оқытылуына байланысты төленетін жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға алған лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар.
      2. Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақы тоқсанына есепті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерін де тағайындалады.

2. Жәрдемақы алу құқығы

      3. Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақы туған, асырап алынған, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған бала жасынан мүгедек балалардың немесе 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттігі туралы қорытындысының негізінде төленеді.
      Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақыны алу құқығы ПМПК-ның қорытындысында көрсетілген мерзімнен басталады, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
      Үйде оқытуға байланысты төленетін жәрдемақы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына яғни 1 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне, ал үйде тәрбиелеуге байланысты жәрдемақы он екі айға тағайындалады.
      Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақы мүгедек балалардың интернаттық білім ұйымдарында немесе медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңдерінде тағайындалмайды.
      Үйде тәрбиеленетін немесе оқытылатын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақы МСЭБ-мен ПМПК-ның қорытындыларында көрсетілген мерзімге ғана тағайындалады.

3. Жәрдемақы тағайындау тәртібі

      4. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға келесі құжаттармен жүгінеді:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      мүмкіндігі шектеулі баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүмкіндігі шектеулі баланың және өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын азаматтарды тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің (МӘСБ) баланың мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      мүмкіндігі шектеулі балаға берген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қортындысы;
      оқу орнының мүмкіндігі шектеулі баланы үйде оқыту фактысын растайтын анықтамасы;
      мүмкіндігі шектеулі баланың отбасы құрамы жайлы тоқсан сайын ұсынылатын анықтамасы.
      Асырап алушылар қамқоршылар (қорғаншылар) тиісті органның асырап алу немесе балаға қорғаншы тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Құжаттардын түпнұсқалары салыстыру үшін көшірмелермен бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түп нұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      5. Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға төленетін жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның басшысы өтінішті және өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

4. Жәрдемақыны төлеу тәртібі

      6. Жәрдемақы ағымдағы тоқсан үшін тоқсанына бір рет төленеді.
      7. Уәкілетті орган жәрдемақыны, өтініш берушілердің уәкілетті ұйымдардағы жеке шоттарына аудару арқылы жүргізеді.

5. Үйде тәрбиеленетін немесе оқитын мүгедек
балаларға жәрдемақы төлеу жауапкершілігі

      8. Үйде тәрбиелеуге немесе оқытуға жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті ұйым жәрдемақының заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тағайындалуы мен төленуіне жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады