Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 484 қаулысы. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қыркүйекте N 2-15-91 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы N 226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы  әкімдігінің 31.12.2013 N 226 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы 14) тармақшаcына және Райымбек аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы «Райымбек ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 32-160 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де (бұдан әрі әлеуметтік көмек) 150000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілу қамтамасыз етілсін, бір жолғы әлеуметтік көмек өтініш берушілердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға алған лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдардағы есеп шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.
      2. «Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлы әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланатын, өздерін-өздері жұмыспен қамтуға, өз күшімен кедейшіліктен шығуға тырысатын отбасыларына өтініштерінің негізінде төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
      1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының, әлеуметтік көмек алушының және учаскелік комиссия төрағасының арасында жасалған үш жақты келісім-шарт;
      2) тұқым сатып алуға – жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алғаны туралы шарты;
      3) халық кәсіпшілігін дамытуға – жеке меншік іс ашу үшін негізделіп, табыстылығы көрсетілген бизнес-жоспары;
      4) кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі.
      3. Бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім, азаматтардан өтініш және өтінішпен бірге ұсынылған құжаттары қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдансын. Өтініш беруші бір жолғы әлеуметтік көмектің мақсатты пайдаланылуына жауапты болады. Мақсатты пайдаланылмаған қаржыны әлеуметтік көмек алушы өз еркімен бюджетке толық қайтаруға міндетті, өз еркімен қайтарылмаған жағдайда сот арқылы қайтарылсын.
      4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                         Қ. Жаңабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады