Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 32-205 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 сәуірде N 2-17-83 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берiлiп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
      2. Сарқан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 қаңтардағы N 8-45 Сарқан аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 05 ақпанда мемлекеттік тіркеуден өткен "Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сарқан аудандық
      мәслихатының кезекті
      32–ші сессиясының
      төрағасы                                   К. Тажиева

"Аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматқа) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы"
Сарқан аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 наурыздағы
N 32-205 шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі (бұдан әрi – тәртібі) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң), "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес әзiрлендi және аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіпте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету және тағайындау тәртiбi

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Бір отбасына тұрғын үй көмегін төлегенде төменде көрсетілген нормалар арқылы есептелінеді.
      1) газ тұтыну - 1 айға 10 килограмм, тариф - газ жағармайын беру кәсіпорнының тарифіне сәйкес;
      2) электр жүйесін қолдану 1 айға: 1 адамға – 5 киловатт; 2 адамға – 90 киловатт; 3 адамға – 135 киловатт; 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт. Тариф – электр қуатын беру кәсіпорнының тарифіне сәйкес.
      3) су жабдықтауы 1 адамға – ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорнының нормасы және тарифіне сәйкес.
      4) бір отбасыға жылына 1 рет: жеке тұрғын үйге көмір - 4 тонна;
      көп қабатты пәтерлерге көмір – 3 тонна. Тариф – жыл сайынғы тасымалдаушылардың бағаларына сәйкес.
      Тұрғын үй көмегi уәкілетті органымен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi деңгейіндегі отбасы табысының 10 (он) пайызы деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалған бойынша жүргізіледі.
      3. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
      4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың);
      жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      5. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi орган екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады