Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 04-328 қаулысы. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде № 2-18-100 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 08-1444 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 26.08.2014 № 08-1444 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 14- тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.
      2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айырылған ата-анасы мүгедек балаларынан басқа) ата-анасы біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, бір жылға тағайындалсын.
      3. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Чапай Кәкімұлы Тазабеков)
      Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалдары) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
      өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі:
      мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі:
      дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген үлгідегі) анықтамасы:
      отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты:
      облыстық білім департаменті жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-педагогикалық комиссиясының мүгедек баланың үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
      4. «Талғар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Раиса Стамшалқызы Алмабекова) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.
      5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 02 шілдедегі 2-18-39 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 27 шілдедегі № 28 (3744) «Талғар» газетінде жарияланған, Талғар ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 01 маусымдағы № 06-948 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Райхан Нұрмырзақызына жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Т. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады