Талғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар ауданының әкімінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 04-93 шешімі. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 маусымда N 2-18-105 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 12-321 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің 2010.12.31 N 12-321 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
      2. Селолық округтер әкімдері:
      1) 2010 жылдың 31 сәуірге дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын.
      2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін.
      3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын.
      3. Талғар аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Құлсейтов Нұрлан Ғабасұлы (келісім бойынша):
      1) тізімге алынғанға дейін 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоциттерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін.
      2) 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысандағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер тізімін берсін.
      3) шақырушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінде басталынсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2010 жылдың мамыр айында аяқталынсын.
      4. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ермағамбетова Мейрамкул Сағынжанқызы, аудандық білім бөлімінің бастығы Абдыхалыкова Клара Төлешқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Құрақпаев Серік жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
      5.Аудандық білім бөлімі бастығы Әбдіхалықова Клара Төлешқызы:
      1) тіркеу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мұғалімдерді бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын.
      2) дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттарын іріктеу жұмысын жүргізсін.
      3) білім беру мекемесі әскери-патриоттық тәрбиенің тиімділігі мен маңызын арттыру мақсатында "Болашақ сардар", "Әскери білім және әскери патриоттық тәрбие", "Сардар-ерлер мамандығы", "Жастар-сіздерді әскери оқу орындары күтеді" атты қабырға тақталарын ұйымдастырсын.
      6. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Койшыбаев Ілияс Абдеевич:
      1) тізімге алу алдында қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін.
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Тазабеков Чапай:
      1) тізімге алу пунктіне 2010 жылдың 4 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыскерлер есебінен ресми құжаттармен жұмыс істей білетін, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетік меңгерген 6 жұмыскер бөлсін.
      8. Аудандық Біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Азноварян Владимир Сумбатович (келісім бойынша):
      1) атқарылған жұмыстар туралы 2010 жылдың 25 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садыкова Райхан Нұрмұрзаевнаға жүктелсін.
      10. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады