Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 37-215 шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі N 09-713 қаулысы. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда № 2-18-114 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, Белбұлақ ауылдық округінің шекарасы (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
      Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылы елді мекеннің шекарасына барлығы 5,8080 гектар жер аумағы енгізілсін.
      2. "Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
      3. "Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
      4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   С. О. Әшімова

      Аудан әкімі                            Т. Ә. Өмірәлиев

      Аудандық мәслихат хатшысы              Р. М. Ыдралиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады