2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Тараз қаласы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 385 Қаулысы. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 маусымда 105 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабының 3 тармағына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысын сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру боынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлермен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда қалалық шақыру комиссия құрылсын:

Мельников Сергей Иванович

«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полковник, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сембекова Жанна Досайқызы

«Тараз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыру-кадрлар және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы; төраға орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Құдайбергенов Мұрат Тұрсынбайұлы

Тараз қаласы бойынша Ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша);

Тәуірбеков Ербол Тоқтасынұлы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының травматолог дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

Нұрқадірова Рабиға Әбдіқадірқызы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының № 2 қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша);

      3. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Тараз қаласы бойынша ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары С. Қ. Мәдиеваға жүктелсін.
      5. Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, заңды күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынасы қолданылады.

      Тараз қаласының әкімі                      Е. Астаев

«Тараз қаласы бойынша азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің қаулысының келісім парағы

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласы
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.И.Мельников
27.04.2010 ж.

«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Жамбыл
облысының Ішкі істер департаментінің
Тараз қаласы бойынша Ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ә. Күлекеев
27.04.2010 ж.

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
№ 1 қалалық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Бейсенбеков С.З.
27.04.2010 ж.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының № 2 қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Байдарбеков У.Б.
27.04.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады