Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 304 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 тамызда № 122 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 523 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 21.08.2015 № 523 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының 3 проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Жамбыл коммуналдық кәсіпорындар комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
      Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауданының Әкімі М. Дүйсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады