Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар селолық округі әкімінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 02 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда 116 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. Көлқайнар селолық округіне қарасты Тастөбе ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесінің  атауы Ұлы Отан соғысының ардагері Молдабек Бөгенбаев атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көлқайнар селолық
      округінің әкімі                            Ә. Мыхаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады