Қақпатас ауылындағы көше атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 19 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 шілдеде 97 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қақпатас ауылында орналасқан Достық көшесінің аты Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Серікбаев Қабди атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің әкімі аппаратының іс жүргізуші Г. Садуакасоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қақпатас ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          А. Ағыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады