Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 101 Қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 маусымда 95 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабындағы 3 тармағына сәйкес, «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Абдуллаев Ермек Бекпенбетұлы

-

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Үсеев Болат Елеубайұлы

-

«Жамбыл облысы Сарысу ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

Жұмағұлов Бақыт Серікұлы

-

«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);

Сыдыгалиев Ахмад Мамытович

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық аумақтық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оташы-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша).

Айнекова Гүлжан Дүйсенбайқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық аумақтық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Сарысу аудандық әкімдігінің 2010.11.25 № 226 Қаулысымен.

      3. «Жамбыл облысының Ішкі істер Департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Дүйсенбинаға жүктелсін.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Б. Орынбеков

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысының Ішкі істер
Департаменті Сарысу ауданының
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы
Б. Нүркенов
30 сәуір 2010 жыл

Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы бастығы
Е. Абдуллаев
30 сәуір 2010 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Сарысу аудандық
аумақтық емханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Х. Сахова
30 сәуір 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады