Сарысу ауданындағы Жанатас қаласы мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 46-12 Шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қаңтарында 6-9-113 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымда № 5-13 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымда № 5-13 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2 тармағына және 300-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесi бекітілсін.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т. Блалиев                                 М. Есмаханов

Сарысу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 46-12 шешімімен бекітілген

Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
Ережесi 1.Жалпы ережелер

      1. Осы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумағын жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережесi (әрi қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 300-бабына сәйкес әзiрленген және Сарысу ауданының елдi мекендерiнде жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Ереже меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.

2. Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендер бойынша жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбi

      3. Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елді мекендер аумағындағы әрбiр мекеме, ұйым және кәсiпорындарға (келiсiмдерi бойынша) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау жұмыстарын жүргiзу ұсынылады.
      4. Жасыл желектердi ағымдағы күтiп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесiлi заңды және жеке тұлғаларға, иелерiне және жер пайдаланушыларға жүктелiнедi:
      1) тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяу жол сызығына дейiн көшелерде, пәтер иелерi, кооперативтерi, тұрғын қорының иелерi;
      2) жалпы пайдалану объектiлерiнде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар) және жаяу жол сызығына дейiн көше бойынша аудандық бюджет есебiнен шарттық негiзде жұмысты орындайтын кәсiпорындар.
      5. Құрылыстың аясына түсiп жатқан жасыл желектердi алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлiк жүйелердi жiберу жасыл желектердi жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол берiледi.
      6. Жұмыс жүргiзген кезде қажет:
      1) жасыл желектердi бұзушылықтан қорғау;
      2) жасыл желектерге күтiм көрсету, соның iшiнде:
      қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды жинау;
      арамшөптердi жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
      жасыл желектерге, көгалдарға, гүлзарларға су құю;
      ағаштардың жапырағын, құрғақ, сынған бұтақтарын кесу;
      жасыл қордағы ағаштардың және бұтақтарды жөндеу, отырғызу;
      жүйелi ауыл шарушылық зиян келтiрушiлермен және ауырулармен, карантиндiк арамшөптермен өз күшiмен немесе өсiмдiктердi қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргiзу.
      7. Жасыл желектер аумағында мыналарға жол берiлмейдi:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмiрдi және басқа да заттарды жинауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, шұңқырлады қоқыспен толтыруға;
      3) көгалдар үстiнде жүру, ағаштарды, бұтақтарды, сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтiруге;
      4) қоршамдарды өз бетінше құруға, гүлдердi жұлуға, көп жылдық гүлдердiң түйнектерiн және бадандарын қазуға;
      5) көгалдарға және гүлзарларға автокөлiктi қоюға;
      6) жапырақтарды жағуға, көгалдарда көкөнiстердi өсiруге, ағаштарға сымдарды, әткеншектердi, жiптердi, жарнамаларды, және кестелердi орналастыруға, бау-бақша, саябақ құралдарын бұзуға;
      7) көгалдар мен гүлзарларда цемент, бетон дайындауға;
      8) тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда, саяжолдарда жапырақтарды жағуға.

3. Қорытынды ережелер

      8. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады