Республикалық бюджет есебінен 2010 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы N 07/01 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 8-2-110 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 09/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын кеңейту мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан қала ұйымдарына "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тиісті шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек шарттарына сәйкес алты ай мерзімге дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау жүзеге асырылсын.
      3. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Мырзаханов) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде ұйымдар берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы республикалық бюджет есебінен ай сайын 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде және жұмыс берушілердің есебінен 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен емес мөлшерде төленеді. Республикалық бюджет есебінің қаражаты ұйымдардың есеп-шотына жіберіледі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар іс-тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізілсін.
      6. "Республикалық бюджет есебінен 2009 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 19 мамырдағы N 13/10 Жезқазған қаласы әкімдігі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-91 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымындағы N 68 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 24 маусымындағы N 45 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсiн.
      8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Қ. Балмағамбетов

Жезқазған қаласы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 15 наурыздағы
N 07/01 қаулысымен бекiтiлді

Халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі

      1) Жезқазған қаласы әкімдігі Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің "Қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
      2) "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Жезқазған филиалы;
      3) "Власова Любовь Александровна" жеке кәсіпкер;
      4) "Мынбулганова Рымкуль Жумадилдаевна" жеке кәсіпкер;
      5) "Маханова" шаруа қожалығы;
      6) "Искакова Зауре Сейтжановна" жеке кәсіпкер;
      7) "Қасым" пәтер иелері кооперативі;
      8) "Жезтрансавто" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      9) "Биаско ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      10) "Кулмаханбетова Нагима Максутовна "АЛТЫНАЙ" жеке кәсіпкер;
      11) "Ибраев" жеке кәсіпкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады