2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/285 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 тамызда N 8-2-118 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 28/333 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С.Ж. Төлеуов

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.С. Әбдіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласы бойынша                  Ахметов Батырлан
      салық басқармасы"                          Дүйсенбайұлы
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      20.07.2010 ж.

Жезқазған қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі
N 24/285 шешіміне қосымша

Бір айлық есептік көрсеткіштің пайызымен алынған ара–тұра сипаттағы жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талонның бағасы

N

Қызмет түрлерінің атауы

Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен алынған жеке тұлғалардың ара–тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы талонның бағасы

1

Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):



1) газеттер мен журналдар

9,45

2) тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет)

9,45

3) бақша дақылдары

9,45

4) саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер

14,6

5) үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

9,2

6) жануарлар мен құстарға арналған жемшөп

9,45

7) сыпырғылар, сыпыртқылар

4,75

8) орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

13,75

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

21,6

3

Үй жануарлары мен құстарды жаю

4,75

      Ескерту:
      1. Жеке тұлғалардың ара–тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің бір жолғы талонның ставкасы бірлік объектіге салық бір айлық есеп көрсеткіштен пайызбен анықталады және жыл сайын бір айлық есеп көрсеткішке байланысты өзгереді.
      2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талонның ставкасы қала аумағында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен қолданыстағы ставкаларға өзгерістер енгізуге болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады