Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 10/38 "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 18/05 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қыркүйекте N 8-2-123 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 09/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі "2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 10/38 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 17 мамырында 8-2-115 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 26 мамырында N 37 "Сарыарқа" газетінде, 2010 жылдың 26 мамырында N 36 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3 қосымшасындағы медициналық комиссия құрамына тіс дәрігері Нұркенова Нескен Әкімқызы енгізілсін;
      медициналық комиссия құрамынан Ладурко Раиса Денисовна шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары С.Ғ. Ғабдулуахитовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Қ. Балмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарағанды облысы денсаулық сақтау
      басқармасының Жезқазған аймақтық
      өкілдігінің бастығы                        К.Қ. Қабыкенов
      20.08.2010 ж.

      "Қарағанды облысы Жезқазған
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін уақытша атқарушы       А.И. Мырхиев
      19.08.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады