Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 337 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 01 маусымда N 8-6-103 тіркелді. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 362 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 362 шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И. Велиев

      Қалалық
      мәслихат хатшысы                           С. Имамбай

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2010 жылғы 14 мамырдағы
ХХVII сессиясының N 337 шешімімен
бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес әзірленді және Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      тұрғын үй көмегі – заңда белгіленген тәртіпте танылған халықтың аз қамтамасыз етілген тобына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне төлемдерді, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша шығындарын өтеу үшін берілетін өтемақы;
      отбасы - заңнамада белгіленген тәртіпте бірге тұратын және бір мекен-жайда тіркелген, некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
      өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші);
      отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қаланың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      2. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары отбасы бюджетінде өтемақылық шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын жай алаңы нормасының шегінде, бірақ нақты тұратын жалпы алаңынан және тұрғын жайды күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары нормативтерінен, сондай-ақ, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуі және жалдамалы үйлерге, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін арендалық ақы төлеу шығындары шекті жол берілетін шығыстар деңгейінен асқан жағдайда Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе пайдаланушылары (жалдаушылары, арендаға алушылары) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.
      Тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, зейнеткерлерге балалары мен немерелері есепке алынбай тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      3. Тұрғын үй көмегі мүгедектерді және күтіп бағуға мұқтаж деп танылған сексен жастан асқан адамдарды күтіп бағуды жүзеге асыратын немесе үш жасқа дейінгі балаларды (бір және одан көп) тәрбиелеумен айналысатын тұлғаларды, сондай-ақ жеке меншігінде бір бірліктен көп тұрғын жайы (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үй-жайды жалға (арендаға) беретін отбасыларды қоспағанда, жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, қарулы күштер қатарында қызмет етпейтін және халықты жұмыспен қамту органында жұмыссыздар ретінде тіркелмеген еңбекке қабілетті кәмелет жасына толған тұлғалары бар отбасыларға көрсетілмейді.
      4. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесімен айқындалған тәртіпте тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтініш білдіреді.
      5. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген азаматтың (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексереді.
      6. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтер ақысын төлеу сомасын тұрғын үй көмегіне тең сомаға азайту арқылы қолма-қол ақысыз нысанда көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген соманы екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы қызмет көрсетушілердің және кондоминиум басқармасы органдарының ағымдағы шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін көрсетуді есептеу кезінде өтініш берушінің коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін шығыстары мына көлемде ескеріледі:
      1) қоқысты әкету бойынша – төлемге қызмет көрсетушілер ұсынған шоттарға сәйкес;
      2) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын жай нормасына (он сегіз шаршы метр) баламалы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін берілетін алаңның әлеуметтік нормасы – отыз шаршы метр;
      3) отбасына электр қуатын пайдаланудың нормалары:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде – 150 киловатт;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;
      4) бір шаршы метрді жылытуға қатты отынды пайдалану нормалары:
      1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимаратты үшін:
      1-2 қабатты үйлер үшін – 161,0 килограмм;
      3-4 қабатты үйлер үшін – 98,0 килограмм;
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимаратты үшін:
      1-2 қабатты үйлер үшін – 125,0 килограмм;
      3-4 қабатты үйлер үшін – 72,0 килограмм (жеті ай жылу беру маусымына есептегенде), бірақ 10 тонна көмірден көп емес.
      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының өткен тоқсандағы мәліметтері бойынша қалада қалыптасқан көмір бағасы қолданылады. Отынды сатып алу маусымына байланысты, оның айлық құны қысқы жылу беру кезеңінің ұзақтығына байланысты отынның жалпы құны есебінен анықталады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      Тұрғын жайды күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемі белгіленген нормадан тыс жалпы негіздерде жүргізіледі.
      8. Өтініш берушінің күрделі жөндеуге арналған шығыстары және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражатты жинақтауға арналған жарналары тұрғын үй көмегін кезек кезегімен есептеу кезінде күрделі жөндеу түрлерінің бір түрі бойынша ғана ескеріледі:
      1) іргетастар, сыртқы қабырғалар және тіреу құрылымдар;
      2) төбе жабындылары;
      3) баспалдақтар (алаңшалар, марштар) және ішкі қабырғалар;
      4) лифтілер;
      5) инженерлік коммуникациялар мен жабдықтар;
      6) басқалар (кіреберіс есіктер, терезелер, фрамугалар).
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің кезектілігін жалпы жиналыста жергілікті атқарушы органмен жүргізілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін зерттеу актісінде мазмұндалған ұсыныстардың негізінде пәтер иелерімен және жалдаушылармен белгіленеді.
      9. Жинақ шотындағы қаражат пәтер иелерімен және жалдаушылармен бекітілген және жергілікті атқарушы органмен келісілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған сметаға сәйкес нысаналы тағайындауға пайдаланылады. Жинақ шотынан ақша аудару басқару органы мен мердігер арасында жасасқан және жалпы жиналыста бекітілген келісім-шартқа сәйкес мердігердің есептік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мерзімдері мен кезеңі

      10. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органның тағайындауы бойынша өтінішті барлық құжаттарымен тапсырған айдан бастап отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жыл мерзімге дейін көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғаш рет тіркеу рәсіміне сәйкес болады.
      Отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынып отырған отбасылар тоқсанның тұрғын үй көмегін құжаттарды нақты тапсырған күніне қарамастан алады.
      Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтер ұсынбаған отбасыларға ұсынбау себептеріне қарамастан, тұрғын үй көмегін көрсету құжаттар ұсынылған айдан бастап жүзеге асырылады.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға 15 күннің ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы хабардар етеді.
      12. Отбасының тұрғын жайды және коммуналдық қызметтерді, коммуналдық қызметтің ставкалары мен тарифтеріне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарына төлемге шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегі тиісті өзгерістер орын алған уақыттан бастап қайта есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады