Көшпелі сауданы жүргізу үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 20/02 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қыркүйекте N 8-6-106 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 05/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 05/04 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысына сәйкес, тұтынушылардың қажеттілігін тауарлармен қанағаттандыру мақсатында, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Сәтбаев қаласының аумағында көшпелі сауданы жүргізу үшін арнайы орындар белгіленсін.
      2. "Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Бәкірова Г.Е.), "Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қараторғаева Л.Н.) белгіленген тәртіпте көшпелі сауда орындарының өлшемі мен шегі белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күн түзбелік он күн өткен сон күшіне енеді.

Сәтбаев қаласының әкімі
С.Т. Медебаев

      

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2010 ж. 3 қыркүйек
N 20/02 қаулысына
қосымша

Сәтбаев қаласының аумағында көшпелі сауданы жүргізу үшін арнайы орындар

N
Дислокация орны
Сату әдістері
Сәтбаев даңғылы
1
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ, салқын сусын (шатыр)
2
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ (шатыр)
3
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ (шатыр)
4
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ, салқын сусын (шатыр)
5
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ, салқын сусын (шатыр)
6
"Кеншілер алаңы"
Балмұздақ (шатыр)
7
"Кеншілер алаңы"
Қымыз (киіз үй)
Комаров көшесі
1
"Топаз" сауықжайының аймағы
Жазғы сауықжай (шатыр)
2
"Салтанат" дүкенінің аймағы
Тәтті мақта, поп корн (шатыр)
Тәуелсіздік даңғылы
1
"Алма Ата+" сауда үйінің аймағы
Жазғы сауықжай (шатыр)
2
"Алма Ата+" сауда үйінің аймағы
Салқын сусын (шатыр)
3
"Алма Ата+" сауда үйінің аймағы
Балмұздақ (шатыр)
4
"Кооператор" дүкенінің аймағы
Самса

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады