Абай қаласында көшпелі және көрме-жәрмеңкелiк сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 18/03 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 8-9-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 12/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 04.04.2016 № 12/05 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 371 "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес, Абай қаласының тұрғындарына тауарды тежеу мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Көрме-жәрмеңкелік сауда үшін арнайы бөлінген орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.В. Сергееваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров

      

  Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 9 қыркүйектегі
N 18/03 қаулысына
1 қосымша

Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар

N р/с
Орналасқан орны
Орын саны
1
Абай көшесі, 25 (төбесі жабылған базар)
3
2
Абай көшесі, 27 (почта)
1
3
Абай көшесі, 29 ("Талап" дүкені)
1
4
Абай көшесі, 52 ("Дархан" дүкені)
2
5
Абай көшесі, 50/1 ("Центральный" дүкені)
1
6
Энгельс көшесі, дүңгіршек "Қазақтелекомның жанындағы"
1
7
2 шағынаудан, 3, 4 үй (жиһаз дүкенінің жанындағы)
15
8
Абай көшесі, 46
1
9
Абай көшесі, 40а
15
10
Жеңіс даңғылы, 2 үй
1

  Абай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 9 қыркүйектегі
N 18/03 қаулысына
2 қосымша

Көрме-жәрмеңкелік сауда үшін арнайы бөлінген орындар

N р/с
Орналасқан орны
Орын саны
1
Жеңіс даңғылы, 2 үй
2

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады