Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 02/25 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда N 8-10-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012.02.13 N 02/01 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске асыруды жүзеге асырсын.
      3. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ғ.И. Омаров

Ақтоғай ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 12 ақпандағы
"Ақтоғай ауданында нысаналы
топтағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін бекіту
туралы және әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру туралы"
N 02/25 қаулысына
қосымша

Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.
      2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптарды ескереді; кәсіпорынның төлеу қабілеті, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Уәкілетті органмен келісім–шарт жасайды. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері, еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілген жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдалану мүмкін емес.
      4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдамаларды береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу мерзімі алты айға дейін.
      6. Жұмыс берушілер бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-сына дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте; жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік органдарға қабылданған жұмыскерлер туралы және орындалған жұмыстардың есебін тапсырады.
      7. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады