Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 04/02 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 сәуірде N 8-10-111 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2012.02.13 N 02/01 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
      1) толық 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
      2. Нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары және жасы 24 (24 жастағыларды қоса есептегенде) дейінгі жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді 2010 жылы бітірген түлектер үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтар жұмыссыздарының айлық жалақысы 40000 теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде 20000 теңгесі бюджет қаражаты есебінен және 20000 теңгесі жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленсін.
      4. Жастар тәжірибесіне қабылданған тұлғалардың айлық жалақысы бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      5. Жастар тәжірибесіне жіберу және әлеуметтік жұмыс орнын ұсыну тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзімге жүргізіледі.
      6. Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
      1) жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтары мен оқу орындардың түлектерін қабылдау мен жіберуді жүргізсін;
      2) нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
      3) жастар тәжірибесінен өтетін азаматтардың жеке шоттарына жалақыны ай сайын аударсын;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істейтін нысаналы әлеуметтік топтардың азаматтары үшін жұмыс берушілердің жеке шоттарына жалақының 50 пайызын ай сайын аударсын.
      7. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы 2010 жылғы 01 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ғ.И. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады