Ақтоғай ауданы бойынша 1994 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 02-ш шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда N 8-10-126 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 01ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2012.01.18 N 01ш (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізуді, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтауды, жалпы білімдік деңгейімен мамандығын белгілеуді, дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтауды, шақырылушыларды алдын-ала белгілеуді және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалу үшін, әскери оқуға түсетін үміткерлерді іріктеуді орындау мақсатында Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылғы туған азаматтарды тіркеу 2011 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
      2. Ақтоғай ауданының білім бөлімі, кент, селолық округтердің әкімдері тіркеуге алынатын азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін және оларды мекен-жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне дейін және кері қарай жүріп-тұру жұмыстарын ұйымдастырсын, шақыру комиссиясына дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. 1994 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:
      1) шақыру учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу) коммуналдық–тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен, тазалықпен, жылу берумен қамтамасыз ету) жихаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен, дәрі-дәрімекпен медициналық құрал-сайманмен және шаруашылық мүлкімен жабдықталсын;
      2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Ш. Естеков) 1994 жылғы туған азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін, шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен, техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін және азаматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін. Флюорографияға, электрокардиограммаға түсіру үздіксіз жұмыс істесін;
      3) Ақтоғай ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне 1994 жылғы туған азаматтарды тіркеуге алу мерзіміне яғни 2011 жылдың қаңтар наурыз айларына дейін тіркелген жұмыссыздар есебінен 2 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.
      4. Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелғабдин) 1994 жылғы туған тіркеуге алынатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды 2011 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.
      5. Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі (М.М. Мухаметканов-келісім бойынша) тіркеуге алынудан жалтаратын 1994 жылы туған азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды шақыру учаскелеріне апарып алып келу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      6. Ақтоғай ауданының барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа да ұйым, қоғам басшыларына 1994 жылғы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге тіркеуге алудың маңыздылығы ескертілсін.
      7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов-келісім бойынша) 1994 жылғы туған азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2011 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Абеуоваға жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 Г.И. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының ішкі-істер
      бөлімінің бастығы
      М.М. Мухаметканов
      15 желтоқсан 2010 ж.

      Балқаш қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
      Б.А. Бекмагамбетов
      15 желтоқсан 2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады