Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы N 25/228 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қыркүйекте N 8-12-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 38/254 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 38/254 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға статистика органдарымен берілетін 1 тонна көмірдің орташа бағасы көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы XIII сессиясының "Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 13/123 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-51, "Жаңаарқа" газетінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 13 (9303) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы тұрақты комиссиясына (Ж. Қожабековаға) жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      XXVІ-шы сессиясының төрағасы               А. Беков

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ш. Ибраева
      2010 жылғы 16 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады