2010 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 ақпанда N 8-13-75 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2010.12.20 N 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды "Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. "2009 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімінің 2009 жылдың 13 қаңтардағы N 1 шешімінің (Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2009 жылдың 10 ақпанындағы N 8-13-58 болып тіркелген, 2009 жылдың 21 ақпанында "Қарқаралы" газетінің N 11-12 жарияланған) күші жойылсын.
      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады