2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 13/07 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда N 8-15-124 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 21 сәуірдегі N 3-2/231 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.21 N 3-2/231 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін:

      Жанас Жұмтайұлы           - ауданның қорғаныс істер жөніндегі
      Құнанбаев                   бөлімінің бастығы, комиссия
                                  төрағасы (келісім бойынша);
      Асқар Жақсыкелдіұлы       - аудан әкімі аппаратының
      Жанарстанов                 мемлекеттік - құқықтық бөлімінің
                                  азаматтық қорғаныс және төтенше
                                  жағдай бойынша бас маманы, комиссия
                                  төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Гайдар Игітайұлы          - ауданның ішкі істер бөлімі
      Нұрмағамбетов               бастығының қызметтер жөніндегі
                                  орынбасары (келісім бойынша);
      Елена Владимировна        - "Аудандық медициналық бірлестігі"
      Голикова                    коммуналдық мемлекеттік қазынашылық
                                  кәсіпорнының дәрігер-терапевті
                                  (бұдан әрі – "АМБ" КМҚК),
                                  медициналық комиссияның төрағасы
                                  (келісім бойынша);
      Анна Викторовна           - "АМБ" КМҚК медбикесі,
      Рукавишникова               медициналық комиссияның хатшысы
                                  (келісім бойынша).
      3. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Нұрлан Серікұлы Саманов (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесінде 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру өткізсін.
      4. Сырқатқа немесе басқа да себептерге байланысты шақыру комиссиясының мүшелері жоқ жағдайда резервтік комиссия құрамы бекітілсін:
      Айдар Саулебайұлы         - Осакаров ауданының қорғаныс істері
      Кизкин                      жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру
                                  және әскерге шақырушыларды
                                  келісім-шарт бойынша жинау
                                  бөлімшесі (бұдан әрі-ҚІБ), комиссия
                                  төрағасы, (келісім бойынша);
      Ардақ Қажымұратұлы        - аудан әкімі аппаратының
      Жапаров                     мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
                                  бас маманы, комиссия төрағасының
                                  орынбасары;
      Хабиболла Хариулаұлы      - ауданның ішкі істер бөлімі
      Омаров                      бастығының кадрлар бойынша
                                  орынбасары- (келісім бойынша);
      Светлана Александровна    - "АМБ" КМҚК дәрігер-терапевті
      Шемерлюк                    (келісім бойынша);
      Светлана Александровна    - "АМБ" КМҚК медбикесі, медициналық
      Тимащук                     комиссия хатшысы (келісім бойынша).
      5. Аудандық шақыру комиссиясының барлық мүшелері азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру кезеңіне өз міндеттерін атқарудан жұмыс орындары мен еңбекақысы және атқаратын қызметтері сақтала отырып босатылсын.
      6. "АМБ" КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасов (келісім бойынша):
      1) медициналық куәландыру өткізуге аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар білікті дәрігер – мамандарды, сондай-ақ орта маманды медициналық қызметкерлерді бөлсін;
      2) стационарларда аудандық шақыру комиссияның жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резервтік орындар сақталсын;
      3) барлық әскерге шақырылушыларды кеуде клетканың флюорографиядан, электрокардиограмма және басқа қажетті талдаулардан өткізуді қамтамасыз етсін;
      4) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін электрокардиограммалық таспалары, рентген үлдірлері резервте болсын;
      5) тістерін емдеуге мұқтаж болған әскерге шақырушылардың ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз етсін;
      6) шақыру комиссиясын қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету.
      7. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына міндеттелсін:
      1) әскерге шақырылушылар ауданның ҚІБ шақырылулары туралы хабардар етілсін және олардың уақытылы келуі қамтамасыз етілсін;
      2) шақырылуға жататын азаматтар іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алынсын, олардың хабардар етілуі және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуі ұйымдастырылсын, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан еңбекақысы және жұмыс орны сақтала отырып босатылсын;
      3) әскерге шақырылушылармен қызметке жіберуге дейінгі 3 күн ішінде толық есеп айырысу өткізілсін, сондай-ақ соңғы жұмыс күнге тиісті төленетін барлық сомалар төленсін.
      8. Кенттер мен селолық округтер әкімдері қамтамасыз етсін:
      1) барлық әскерге шақырылушыларға дербес шақыру қағазын тапсыруды;
      2) шақыру учаскесіне техникалық жұмыскерлерді, қызмет ететін қызметкерлер мен автокөліктерді бөлуді;
      3) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына кәсіпорындар, ұйымдардың көліктерімен жеткізуді;
      4) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына жеткізуде қауіпсіздік шараларын сақтауды;
      Әскерге шақырылушыларды тасымалдауды кенттер және селолық округтердің әкімі аппараттарының немесе ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы іске асырсын.
      9. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Алпысбай Рахметұлы Жақыпбаев (келісім бойынша):
      1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Осакаров ауданының ҚІБ жөніндегі бөліміне ақпарат берсін;
      2) Ауданның ҚІБ әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтау үшін ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
      3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
      4) әскерге шақырылушыға шақыру парағы тапсырылмаған жағдайда олардың шақыру пунктіне келуді қамтамасыз етсін.
      10. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Надежда Ивановна Плотникова азаматтардың әскери қызмет жүргізу кезеңіне жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып қажетті техникалық жұмыскерлер бөлсін.
      11. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2010 жылдың 10 шілдесі және 2011 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынылсын.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шоппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
      13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   Р. Әбдікеров

      КЕЛІСІЛДІ

      Ауданның қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      А.Ж. Құнанбаев
      2010 жыл 19 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарағанды облысы
      Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры
      Е.А. Абилкасимов
      2010 жыл 19 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық ішкі істер
      бөлімі бастығы
      А.Р. Жақыпбаев
      2010 жыл 19 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады